Сенбі, Ақпан 27, 2021
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 15:14

ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылығында өсім бар

| Автор: 

Шымкент қаласында ауылшаруашылығының көлемі ұлғайған, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Шымкент қаласында 2019 жылы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 29,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 6,3 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы – 19,4 млрд. теңге, ал егін шаруашылығы – 9,4 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, мал шаруашылығында ет өнімінің көлемі 24,6%-ға, сүт – 1,3%-ға артты. 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылға қарағанда 1,0 мың га артып, 78,7 мың тонна өнім жиналған.

Сонымен қатар, күзгі дала мен жиын терім жұмыстарын жүргізуге 1 000 тонна дизель отыны бөлініп, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес 330 тоннасы берілген және қала аумағындағы шаруашылықтардың сұраныстары толық қамтамасыз етілді. Оған қоса, озық технологияны қолдану мақсатында жаңадан 13,9 га жылыжай салынып, жалпы көлемі 183,5 га жетті.

Оқылды 178 рет

Кіру or Тіркелу