Жұма, Шілде 03, 2020
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 16:32

ШЫМКЕНТ: Төтенше жағдайлар қызметі «жолда қабылдау» акциясын өткізді

| Автор: 

Шымкент қаласында Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Аталған іс-шараға Төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Қамбаров, Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Расулов және аудан әкімі аппаратының бас маманы Т.Оспанов қатысты.

«Шымкент Плаза» сауда ойын-сауық орталығында өткен акцияға еріктілер де жұмылдырылды. Олар сауда орталығына келушілерге арнайы дайындалған жадынамаларды таратып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, «Жолда қабылдау» акциясы барысында мамандармен тілдесіп, сұрақ қоюшылар қатары да көп болды. Олардың басым бөлігі студенттер.

Айта кетейік, мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау, жылу беру маусымындағы өзекті мәселелер мен азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Оқылды 375 рет

Кіру or Тіркелу