EDN.KZ. Шымкентте өткен жылы 29 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Салаға соңғы 3 жылда 2,6 млрд.теңге инвестиция салынды.Нәтижесінде 56 гектар жылыжай іске қосылды.
215 гектар жерге қарқынды бау егілді. 24 мың бас ірі қара бордақыланып, етке өткізілді. 111 жанұялық сүт фермасы ашылды. Ал оларға бюджеттен 3 млрд.теңге субсидия төленді.
Биыл берілетін субсидия көлемін 4 млрд. теңгеге дейін көбейттік,-деді шаһар басшысы есептік жиында.