Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңартылған рейтинг бойынша үздік ондыққа енді, - деп хабарлайды EDN.KZ.
⠀
Бұл тізімнің көшін жапон спортшысы Рика Кихира бастаса, екінші орында ресейлік Алина Загитова тұр. Үздік үштікті тағы бір жапон спортшысы Сатоко Мияхара түйіндеді. Ал, Қазақстан спортшысының еншісінде 3108 ұпай бар.
⠀
Әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары:
⠀
1. Рика Кихира (Жапония) — 4708
⠀
2. Алина Загитова (Ресей) — 4702
⠀
3. Сатоко Мияхара (Жапония) — 4089
⠀
4. Бради Теннелл (АҚШ) — 3864
⠀
5. Евгения Медведева (Ресей) — 3734
⠀
6. Каори Сакамото (Жапония) — 3724
⠀
7. Алена Косторная (Ресей) — 3255
⠀
8. Вакаба Хигучи (Жапония) — 3187
⠀
9. Анна Щербакова (Ресей) — 3126
⠀
10. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 3108.