Сейсенбі, Қыркүйек 29, 2020
Сейсенбі, 18 Ақпан 2020 11:22

ШЫМКЕНТ: «ТЕКЕСУ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 481 МЛН ТЕКШЕ МЕТР

| Автор: 

"Текесу" айналасын ағын сумен қамтып тұр, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов пен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Қаныбеков «Текесу» су қоймасының жұмысымен танысты. «Текесу» су қоймасы 1983 жылы құрылған. Ондағы судың сыйымдылығы – 481 мың м3-ты (қазіргі таңда 0,9м3 – 60%) құрайды. Су айдынының ауданы-160,2 мың м2, орташа тереңдігі-7,5 метр.

Су қоймасының маңында 700-ге жуық жұрты бар Текесу елдімекені орналасқан. Ауылдағы тұрғындардың дені мал және егін шаруашылығымен айналысып, ет, сүт сатады, бидай, мақсары мен жоңышқасын егеді. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға Текесу су қоймасының ролі зор. Бұл өңірдегі ірі су қоймалардың бірегейі Текесу көрші ауылдардың суармалы шаруашылығына да пайдасы тиіп тұр. Сондықтан егіс егіп, пайда көрем дейтіндер үшін мұнда ағын судан тапшылық жоқ.

Оқылды 166 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН »

Кіру or Тіркелу