Жұма, Шілде 03, 2020
Дүйсенбі, 24 Ақпан 2020 17:33

СПОРТ: Қазақ балуандары олжалы оралды

| Автор: 

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды EDN.KZ



Жарыстың соңғы күні қазақстандық екі балуан финалда және тағы екеуі үшінші орын үшін белдесті. 

 

Осылайша, шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды. 120 келіде финалға шыққан тағы бір қазақстандық Юсуп Батырмурзаев моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясын иеленді.

92 келіде Илисхан Чилаев өзбекстандық Аджинияз Сапарниязовты жеңіп, қола иеленді. Ал Азамат Дәулетбеков үшінші орынға іліге алмады, ол өзбекстандық Иса Шапиевке есе жіберді. 

Осылайша, еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алты жүлде түсті. Алтын - Данияр Қайсанов (74 келі) және Юсуп Батырмурзаев (125 келі). Қола жүлде Даулет Ниязбеков (65), Мейіржан Әшіров (70), Илисхан Чилаев (92), Әлішер Ерғали (97).

 

Командалық есепте біздің спортшылар үшінші. Бірінші Иран, ал екінші Үндістан.

Оқылды 67 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ШЫМКЕНТТІК ТАЭКВОНДОШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Кіру or Тіркелу