Сейсенбі, Қыркүйек 29, 2020
Сәрсенбі, 26 Ақпан 2020 17:10

Несие төлеу кейінге шегерілуі мүмкін Таңдаулы

| Автор: 

EDN.KZ. Мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко әскерде борышын өтеп жүрген азаматтардың кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы ұсыныс білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі әскерге шақырылатындар арасында несие төлейтіндері көп. Сол себепті олар жақындарына ауыртпалық түсірмес үшін әскерге бармауға тырысып жатады. Сонымен қатар, төлем мерзімін кейінге шегеруді сұрайтындары да бар көрінеді.

Бұл туралы қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Егер шақырылушы әскерге аттанса, онда оның кредиті ата-анасы мен туыстарына беріледі. Сондықтан заңда қарыз ата-аналарға берілмеуі керек екенін назарда ұстауымыз қажет. Біз әскери қызмет кезінде кредит төлеу мерзімін бір жылға тоқтата тұруды ұсынамыз», – деді мәжілісмен.

Тимошенконың айтуынша, несиенің болуы және оның уақытылы төленбеуі немесе оның туыстарына өтуі Отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер етуі мүмкін.

Оқылды 224 рет

Кіру or Тіркелу