Сейсенбі, Қыркүйек 29, 2020
Сейсенбі, 03 Наурыз 2020 15:40

Есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

| Автор: 

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен, - деп хабарлайды EDN.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындары, ерлі-зайыптыларды құрықтады. Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында марихуана сатумен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып,  тәркіленіп алынды. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын "кептірілген марихуана" болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен "Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті жұптар  есірткіні сақтау және өткізу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқылды 217 рет

Кіру or Тіркелу