Бейсенбі, Қараша 26, 2020
Сейсенбі, 03 Наурыз 2020 17:01

Президент несиелерді тағы да кешіре ме?

| Автор: 

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында қазақстандықтардың жекелеген санаттарына берілген қарыздар бойынша қарыздарды есептен шығару туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды EDN.KZ zakon.kz порталына сілтеме жасап.

"ҚР ПӘ өтініштерді қарауды бақылау бөліміне қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін несие бойынша қарыздық жүктемені төмендету туралы өтініштер түсіп жатыр. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2019 жылы бұл шара бір реттік негізде өткізілгенін хабарлаймыз", - делінген ҚР ПӘ Қоғамдық қабылдау комиссиясының телеграм-каналында.

Несиелік қарыздарды кешіру бойынша өткізілген соңғы ақция тек келесі шарттарды ескере отырып қаралған болатын:

  • көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толмай жатып ата-анасынан айырылған балалар;
  • несие бойынша жалпы қарызы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспайтындар;
  • негізгі борыш пен оған есептелген пайыздардан тұратын қайтарылатын қарыз сомасы 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспайтындар.

"Аталған науқан 2019 жылы аяқталды, оның нәтижесі бойынша 554 мың адамға кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша жалпы 115 млрд теңге кешірілді. Жақын арада мұндай акцияны тағы қайталау жоспарланбаған", - делінеді.

Оқылды 257 рет

Кіру or Тіркелу