Бейсенбі, Маусым 17, 2021
Super User

Super User

Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандардың саны 48,2 мыңға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, провинцияда 14 480 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған. Ауруханада жатқан 33 мың науқастың 5647-сі ауыр жағдайда. Қаза тапқан адамдардың жалпы саны - 1310.

Вирусты жұқтырғандардың саны күрт ұлғайғаннан кейін Хубей провинциясының билігі олардың қатарына жаңа әдіс бойынша диагноз қойылған адамдар жататынын айтты. 

"Бұл әдіс бойынша Хубей провинциясы жақында бұрын вирус анықталған адамдарды тексеріп, диагноз қорытындысына өзгеріс енгізді. Вирусты жұқтырған жаңа науқастарға диагноз жаңа классификацияға сәйкес диагноз қойылды", - делінген комитет хабарламасында. 

Жапонияда лайнердің 174 жолаушысы коронавирус жұқтырған

Еске салайық, 12 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 44,6 мыңға жеткені, олардың 1113-і қаза тапқаны, 4740-ы емделгені хабарланған. Негізінен ең көп жұқтырғандар мен қаза болғандар коронавирустың таралу ошағы орналасқан Қытайдың Хубей провинциясында тіркелген.

Синоптиктер 8-10 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылиды.

"Қара теңіздік циклон күндіз 7 ақпанда Батыс Қазақстанға жылжиды да таңертең Солтүстік Қазақстанға жылжып, салдарынан қар жауып, екпінді жел болуы мүмкін. Циклон мен фронттардың артынан Қазақстанға солтүстік теңіз акваторияларынан арктикалық суық ауа массалары түсіп, батыс және солтүстік облыстардағы суытудың себебі болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Ал қалған аймақтарда, синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы бұрынғыдай күндіз 0…плюс 8 градус, оңтүстікте 10…15 градус, қиыр оңтүстікте плюс 20 градусқа дейін болжанады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша алтын-валюта қорындағы алтын қоржынымыздың көлемі 387 тонна немесе шамамен 19 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Ұлттық банк Телеграмдағы арнасында мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

World Gold Council мәліметтері бойынша, алтын қоры көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатардағы ТОП-20 елдің қатарына кіреді. Алтынды сатып алу бойынша басым құқығын одан әрі пайдалану алтын өндіруші өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Кіру or Тіркелу