Бейсенбі, Шілде 09, 2020
edn

edn

EDN.KZ Әзірбайжанда COVID-19 пандемиясымен күресу мақсатында жаһандық виртуалды хакатон басталды. Бірінші орын үшін жүлде 5000$.

Қазылар алқасы біз тап болған қиындықтарды шешу жолдарын барынша табысты көрсететін және коронавирус туындаған салдарларды жоюға көмектесетін жобаларды қолдайды.
 
Сыйлықтар:
1 орын - 5000$
2 орын - 3000$
3 орын - 2000$
 
Өтініш беру мерзімі: 9 сәуірге дейін.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер www.hackcov19.com сайтында тіркелу қажет.

EDN.KZ Көкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын зауыт антисептик өндірісін қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Кәсіпорын мұндай қадамға сұраныс көп болғандықтан бардық дейді. Антисептик қана емес, аймақта бетперде тігушілер де көбейді. Тіпті, кейбір тігін шеберханалары барлық жұмыстарын тоқтатып, тек қана бетперде тігумен айналысып жатыр.

Көкшетаудағы бұл ірі зауыт, бүгінде сұранысқа сай бейімделіп алды. Бұрын тек сусын өндіретін кәсіпорын, қазір күніне жарты литрлік 150 мың бөтелке антисептик шығарады. Ал өндіріс толықтай дерлік автоматтандырылған. Ауысымына тек 3 адам ғана жұмыс істейді. Ал қалғандары оны жинау, тасымалдау және тарату жұмыстарына жұмылдырылған.

Станислав Максимец, зауыт директоры:

– Жұмыс орындарын барынша сақтап қалу үшін және нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп, өзіміз де табыс табу мақсатында осы өндірісті қолға алдық. Қазірдің өзінде антисептикті Қазақстанның барлық қаласына үлестіріп үлгердік.

Қаладағы тұрмыстық химия зауыты да қазір антисептик өндіруге көшкен. Кәсіпорындағылар аталған өнімнен айына 60 мың литр шығара аламыз дейді. Ал антисептиктің құрамы қарапайым. Этил спирті, дезинфекциялық концентрат, глицерин және түрлі иіс беретін қоспалар. Дайын өнім болса, 1,5 литрлік және 220 мл-лік құтыларға құйылып сатылады. Ыдыстар да осы зауыттың өзінде жасалады.

Ал шаһарда қазір бетперде тігушілер күрт көбейген. Онымен қазір 10 шақты ірі тігін шеберханалары және көптеген жекелеген адамдар да айналысуда. Мәселен, Көкшетаудағы ең ірі отелье, бүгінде тек қана бетперде тігеді. Ал бұл жұмысқа 30 адам тартылған. Маска тігуді тіпті, ірі зауыттардың өзі қолға алған. Айталық, бұл кәсіпорыннан күніне 4 мың дана бетперде шығады.

Саян Боташов, кәсіпорын инженері:

– Енді болашақта күніне 10 мыңға дейін маска тігуге мүмкіндігіміз бар. Керек болса, 2-3 сменамен шығаруға болады. Бір күнде 10 мың маскадан тігуге болады.

Жергілікті өндірушілердің қолынан шыққан антисептек пен бетперделер сатылып қана жатқан жоқ, тегін де таратылады. Бұл іске қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер және қайырымдылық қорлары атсалысып жатыр. Нәтижесінде мындаған адамның қорғаныш құралдарына қолы жетті.

EDN.KZ  Әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер Джек Ма елімізге медициналық қорғаныш заттарын жөнелтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Джек Ма» және «Alibaba» қорларының 4 жарым тонна гуманитарлық көмегі Бішкек арқылы Алматыға жеткізілді. Оның ішінде 500 мың маска, 5 мың қорғаныш киім, 50 мың медициналық қолғап және термометрлер бар. Бұдан бөлек, аталған қайрымдылық қорлары жуық арада Қазақстанға коронавирусты анықтайтын экспрес-тестер мен науқастардың дем алуына арналған жасанды желдеткіш аппараттарын жіберуді де жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін елімізге Түркия мен Жапониядан арнайы гуманитарлық көмек келген болатын.  

Ерлан Ысқақов, ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі:

– Гуманитарлық жүк Қырғызстан арқылы жеткізілді. Бұл заттар еліміздегі СК «Фармация» ұжымы арқылы Қазақстанның барлық емханасына үлестірілмек. Бұл Қытайдағы белгілі компанияның көмегі. Соңғы екі жетіде Қытайдың өзге де аймақтарынан осындай көмек жасалды.

Осыған орай, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында қытайлық кәсіпкер Джек Маға жомарттығы үшін алғысын білдірді.


EDN.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Үлкен Тораңғыл көлінде бес балықшы суға батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Корнеевка ауылының тұрғындары мұзда абай болу туралы ескерту мен көл бетіндегі мұздың жарылып жатқанын көрсе де, елемеген.

Олар балық аулап отырғанда, астындағы мұз жағалаудан бөлініп, жүзе бастаған. Көмек келіп жеткенше балықшылар көлде 300 метрге дейін жүзген.

Балықшыларды су айдыны маңында кезекшілігін атқарып жүрген құтқарушы Вячеслав Яковлев жағаға жеткізді. Ол трактор көмегімен моторлы қайықты суға түсірген және бес балықшыға өз бетінше ештеңе істемеуді тапсырған.

«Вячеслав Яковлев балықшыларға құтқарушы жилетті кигізіп, бір-бірлеп жағалауға жеткізген. Бұл операция бір жарым сағатқа созылды. Құтқарушы балықшыларға мұз ұстінде балық аулауға болмайтынын қатаң ескертті. Ол өзін ерлік жасадым деп санамайды» деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

EDN.KZ  Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС


Даунинг-стриттің хабарлауынша, премьер-министр дәрігерлердің кеңесі бойынша жұмысына әзірге оралмайды.

«Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкеріне алғыс айтты» делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

6 сәуірде жағдайы нашарлаған премьер ауруханаға жатқызылды .


 

EDN.KZ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ғарышкерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына.

 

EDN.KZ. Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеріп беретін қызметті іске қосты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз әлеуметтік желілерге әрдайым мониторинг жүргізіп, адамдардың сұрақтарының басым бөлігі былай екенін көріп отырмыз: «Мен бірнеше күн бұрын өтінім беріп қойғанмын. Әйтсе де әлі күнге дейін өтінімім мақұлданды ма, жоқ па білмеймін» дейді көбі. Сол себепті Біржан Нұрымбетовтің тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Сервис бойынша біз Президент Әкімшілігі жанындағы ІТ-штабпен, ІТ мамандарымен, ұжыммен қауырт жұмыс жүргіздік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке де алғысымызды айтамыз», - деді Нариман Мұқышев.

Әлеуметтік төлем алу құқығын тексеру үшін:

1. 42500.enbek.kz сілтемесіне өту керек.

2. «Өтінім статусын тексеру» батырмасына басасыз.

3. Онда ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін енгізесіз.

4. «Мен робот емеспін» батырмасын басасыз да, «тексеруге» жібересіз.

Сіздің 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғы бірден шығып тұрады. Бір ұялы телефон немесе компьютерден бір сағаттың ішінде тексеру бойынша 3 өтінім жіберіп көруге болады.



EDN.KZ. 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдануда.

Бүгінгі күнге 19 416 (97 600 адам) отбасыдан өтініш қабылданып, 17 701 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды және 2 281 өтініш кері қайтарылды (мұқтаж емес деп танылған).

EDN.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен әкім жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді.

Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен Нұрсәт шағынауданында 21,5 га аумақта салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап көрді. Мұнда 8 үй салынуда. Мердігер мекеме – «Арт Құрылыс» ЖШС. Компания басшысы Бекжігіт Төлендиевтің айтуынша, құрылысы 2018 жылы басталған нысан биыл маусым айында пайдалануға беріледі.

Қала әкімі құрылысты өз мерзімінде тапсыруды және сапалы атқаруды ескертті.

– Бірінші кезекте сапаға мән беріңіздер. Тұрғындардан сапаға қатысты шағым көп. Ең басты талап – осы. Біз тұрғын үй салушыларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Сіздер тараптан сапалы жұмыс істелінуі керек. Әрине, құрылыс жұмыстарының қала экономикасына қосар үлесі мол. Қалаға келетін инвесторлар да алдымен құрылыс барысына мән береді, – деді әкім.

Қала әкімі Тұран шағынауданында «Shymkent» ӘКК» тапсырысымен салынып жатқан 8 үйдің құрылысын да аралап көрді. Мұнда мердігер «Бек Строй Сервис» ЖШС жоспар бойынша жұмыс жүргізуде. Құрылысы 2018 жылы басталған үйлер сәуір және маусым айында пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Тұран шағынауданында құрылысы аяқталған мектепте болды. 1200 орынды білім ошағы төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға дайын.

Жалпы, Шымкент қаласында биыл 77 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар кестеге сай жүргізілуі тиіс. Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтың айтуынша, құрылысы биылға жоспарланған 77 үйдің 24-і кредиттік, 8-і арендалық. Ал Тұран шағынауданында 41 үйдің құрылысы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

EDN.KZ. Көрме орталығында үш күн бойына жалғасатын мегафестивальдің өтуіне Шымкент қаласы әкімдігі қолдау көрсетуде.

Фестиваль аясында тегін оқыту семинарлары, және қолданбалы өнер бойынша сабақтар мен көрмелер ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Бұл әлеуметтік жоба көп балалы аналар мен аз қамтылған әйелдердің жеке ісін жүргізуге, өз мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді одан әрі танымал етуге көмектеседі.

1 бет. Барлығы: 7

Кіру or Тіркелу