Сенбі, Ақпан 27, 2021
edn

edn

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды EDN.KZ



Жарыстың соңғы күні қазақстандық екі балуан финалда және тағы екеуі үшінші орын үшін белдесті. 

 

Осылайша, шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды. 120 келіде финалға шыққан тағы бір қазақстандық Юсуп Батырмурзаев моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясын иеленді.

92 келіде Илисхан Чилаев өзбекстандық Аджинияз Сапарниязовты жеңіп, қола иеленді. Ал Азамат Дәулетбеков үшінші орынға іліге алмады, ол өзбекстандық Иса Шапиевке есе жіберді. 

Осылайша, еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алты жүлде түсті. Алтын - Данияр Қайсанов (74 келі) және Юсуп Батырмурзаев (125 келі). Қола жүлде Даулет Ниязбеков (65), Мейіржан Әшіров (70), Илисхан Чилаев (92), Әлішер Ерғали (97).

 

Командалық есепте біздің спортшылар үшінші. Бірінші Иран, ал екінші Үндістан.

Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды. «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған.

Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық бағдарламаларды жеткізу бойынша әдіс, тәжірибелерін дамыту.

Шымкентке жұмыс сапарымен келген Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те дәріс тыңдаушылармен кездесті.

– Бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің дәріс тыңдауына барлық жағдайды жасадық. Білім алу, бірлесе тәжірибе алмасудың берері мол. Біз адамдардың санасын дамытуға жұмыс істеуіміз керек. Халықпен дұрыс диалог орнатуға мән берейік. Ең басты мақсат – қарапайым азаматтардың сенімі, – деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында партиялық бақылауға алынған өтініштердің орындалуын тексеру, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, зиялы қауыммен, жастармен және қаланың басқа да белсенді тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отыр.

Саяси менеджмент мектебінің дәстүрлі семинары ертең аяқталады.

 

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне көп жылдан бері ұжымдық жерден өзіне тиесілі бөлігін пайдалана алмай жүргендігі жайлы мәселемен келген Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Рахметов Тойшының өтініші бойынша партияның «Халыққа көмек» жобасы аясында Келес аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Абпазов Али Омарұлы филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп қоғамдық қабылдау өткізді.
А.Абпазов азамат Т.Рахметовке ұжымдық пайдаланудағы жерден өзіне тиесілі бөлігін пайдалану мен бөліп алу заңдылығын түсіндірді.
Өз кезегінде Т.Рахметов мәселені шешу бойынша шұғыл түрде кеңес алғаны үшін партияның аудандық филиалы мен А.Абпазовқа өз ризашылығын жеткізді.

 

Әл-Фараби ауданы бойынша бірегейлікті сақтау бағытында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту мақсатында 10 іс-шара ұйымдастырылған.

404 даңғыл, көше мен өткелдердің 41 көшесіне жаңадан атау беру үшін тиісті басқармаға ұсыныс жолданған.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік маңызы бар11 мерекелік іс-шара, 10 кәсіби, 25 қайырымдылық іс шаралар өткізілді.

Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ 15 рет кездесу өткізіп, оған 20000-ға жуық аудан тұрғыны қамтылды.

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали, "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер мен басқарма басшылары және қоғам өкілдері қатысты.

Басқосуда қала әкімі бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын назарға алды.

«Біздің ортақ мақсатымыз-қоғам мен мемлекет игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою үшін күш-жігерімізді біріктіру. Жемқорлықпен күрес әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осы тұрғыда жүйелі жұмыс істесек, тұрғындардың сенімін арттыра аламыз», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жиында сөз алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали уәкілетті органмен жүзеге асырылатын алдын алу және қылмыстық-құқықтық шараларға тоқталды.

​Сонымен қатар, іс-шара барысында "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Е.Дәрменов және Шымкент қаласы әкімі аппаратының құқықтық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Н.Жамашов сөз сөйледі.

Жиын соңында қала әкімі М.Әйтенов Елбасы мен Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар қойғанын атап өтті.

Сенбі, 22 Ақпан 2020 16:44

Жалған ақша деп даурықпаңыз

Өткен аптада елімізде ақша банкноттары жөнінде түсінбеушіліктер туындады. Әлеуметтік желі арқылы халық арасында жалған ақшаның көптеп кездесіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Екі түрлі болып шыққан 1000, 2000, 5000 теңгелік банконттардың суреті барлық әлеуметтік желіде қаптап кетті.

Желіде тараған суретке анықтап қарасақ, кейбір купюраларда Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылмаған. Ел арасындағы түсінбеушілік осыған байлынысты туындап отыр. Алайда Ұлттық банк өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды. Ұлттық банктің баспасөз қызметі жалған ақпаратқа сенуге болмайтынын мәлімдеді.

– Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталған. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, – делінген ресми мәлімдемеде.

Сондықтан да әлеуметтік желі арқылы жалған ақша туралы тараған хабарға сеніп, даурығудың қажеті жоқ.

Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020 11:25

АБЫЛАЙХАН РИНГКЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Хұсайынов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды EDN.KZ.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысының бұл кәсіпқой рингтегі 11-жеңісі. Хұсайынов біраз жылдар бойы спорттан қол үзіп қалған еді. Мексиканың Тихуан қаласында өткен жекпе-жекте Абылайхан өзінің бабында екенін дәлелдеді. Мексикалық Мауро Лоретоны 5-раундта нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.  

Айта кетейік, Абылайхан Хұсайынов жақында ғана «Eye of Tiger Management» промоутерлік компаниясымен келісім-шартты үзген болатын. Қазір Хұсайынов АҚШ-та жаттығып жүр.

Кіру or Тіркелу